Архив событий

07/10/2016

Сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша ювеналдық сотта брифинг өтті

07/10/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Б.Жумабаев ағымдағы жылдың тоғыз айындағы сот төрелігін жүзеге асыру және заңдылықтың сақталуы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын «Казақстан-Атырау»телеарнасына  жариялады.

Брифингте сот төрағасы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру және заңдылықтың сақталуы жағдайының статистикалық деректерін келтірді.

Сот ұйғарымымен екі тарап келісімге келді

07/10/2016

Атырау облысының Жылыой  аудандық сотында талапкер  Бақай & CO» ЖШС-нің жауапкер С.-дан 480 300 теңге материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер талап арызында жауапкер С. «Алақай» мейрамханасында жұмыс жасаған уақытында мейрамханаға тиесілі ыдыс-аяқтар жетіспей, мүліктің кем шығуына байланысты акт жасалғанын көрсетіп, соның салдарынан мейрамханаға  келтірілген материалдық шығын 480 300 теңгені құрағанын көрсеткен.

Жылыой аудандық сотында дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті

07/10/2016

Атырау облысының Жылыой  аудандық соты азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, әділ соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген жоғары сенімін қамтамасыз ету және «Медиация туралы» Заңның ережелері мен нормаларын түсіндіру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс шараның мақсаты – медиация институтын дамыту мақсатында қабылданған шаралар туралы азаматтарды ақпараттандыру.

Атырау қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

07/10/2016

Атырау қалалық сотының жоспарына сәйкес, Атырау қалалық сотында 2016 жылдың 12 қазанында сағат 09:00-дан 17:00 аралығында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып, өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Әкімшілік қамақ жазасын тағайындады

07/10/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен Ресей Федерациясының азаматы А.А. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрманғазы аудандық соты порнографиялық жанрдағы ойын сайтының қызметіне тыйым салды

07/10/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты бұқаралық ақпарат құралдарының интернет-ресурсы өнімін Қазақстан Республикасының барлық аймағында таратылуын тыйым салу жөнінде Құрманғазы ауданы прокурорының арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта анықталғандай, аталған сайтта Қазақстанның қолданушыларына қолжетімді болып келетін порнографиялық жанрдағы ойын өнімдері орнатылған.

Ашу араздықтары тарқамаған ата-ана және ене арасындағы дау медиациялық келісіммен шешілді

07/10/2016

Маман мінбері

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшының балаларымен кездесу уақытын белгілеуді сұраған азаматтық ісі қаралды.