Архив событий

26/10/2016

Несие шарты бойынша талаптар толық орындалды деп танылды

26/10/2016

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ш.М.-ның жауапкер  «БХК » АҚ-на несие шартының талаптарын толық орындалды деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта талап қоюшы Ш.М «БХК» АҚ-нан 2014 жылғы 12 наурыздағы шартқа сәйкес 601 088 теңгені 1096 күнге несиеге алып, 2 айдан соң алған несиесін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ шоты арқылы «БХК»АҚ-ның несиелік шотына мерзімінен бұрын  584 529 теңге сомасын аудартып, банк алдындағы берешегін толығымен өтегендігі анықталды.

Ювеналды сот қызметкерлері өңір тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

26/10/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отырған  реформалардың мән-маңызын насихаттау жұмысын, республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді.

Сот қаулысымен әйел адам автокөлік құралын басқару құқығынан айырылды

26/10/2016

Атырау облысының Жылыой  аудандық соты азаматша С.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, азаматша С.  Құлсары қаласы Махамбет даңғылы бойымен «Chevrolet Aveo» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, «Toyota Corolla» маркалы автокөлігіне соқтығысып, материалдық залал келтірген.

Сот қаулысымен азаматша С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

212 100 теңге әкімшілік айыппұл салынды

26/10/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен Н.Т.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.