Архив событий

05/10/2016

Азғындық әрекет үшін күдікті болған азамат әкелік құқығынан шектелді

05/10/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап қоюшы екі қыздың анасының  бұрынғы жұбайын азғындық әрекеті үшін күдікті болғандықтан  әкелік құқығынан шектеуді сұраған  талабы бойынша азаматтық ісін қарады.

Ағайынының өліміне күдікті үйқамаққа алынды

05/10/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) көзделген қылмысты жасаған күдікті Н.Ж.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция  беру туралы өтініш қаралды.

Қызылқоға аудандық сотының ұжымы «Қариялар күнінде» сот ардагеріне құрмет көрсетті

05/10/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің беделін көтеретін имидждік шараларды ұйымдастыру және сот қызметкерлерінің адамгершілік-рухани қасиеттерін  жетілдіру мақсатында іс-шара өткізіп, аудандық сотта отыз жылға жуық қызмет атқарған ардагер З.Тасқалиевтың отбасына барып, сый- құрмет көрсетті.

Қызылқоға аудандық сотында республика судьяларының VII съезі қарсаңында брифинг өткізілді

05/10/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының төрағасы А.Дюсебалиев Қазақстан Республикасы Судьяларының VII съезі қарсаңында  сот жүйесінің жетістіктері жөнінде ақпараттық насихаттауды жузеге асыру мақсатында жергілікті БАҚ өкілдеріне «Сот жүйесінің жетістіктері – судьялар съезінен бастау алады» тақырыбында баспасөз брифингін өткізді.

Брифингке «Қызылқоға» газетінің тілшілері Н.Жауынбаева және Б.Бердіғалиевтер қатынасты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

05/10/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында сот кеңсе мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар  өткізілді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмдерін нығайту, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтар туралы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы пікір алмасты.

Ювенальдық сот «Ару плаза» мейрамханасының әкімшісін әкімшілік жауапкершілікке тартты

05/10/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Рсепубликасының ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен (жасы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта  (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз ойын–сауық мекемелерінде болуына жол беру) мейрамхана әкімшісіне қатысты әкімшілік іс қаралды.