Архив событий

19/10/2016

Мас жүргізуші - қылмыскер

19/10/2016

Ж.Утегенов, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, туған апасының меншігіндегі «Toyota Camry» маркалы автокөлігін басқарып, орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде Атырау қаласы Құрманғазы көшесінде орналасқан «САФАРИ» мейрамханасы тұсында Атырау қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция басқармасының полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Жүргізуші жолаушыдан кешірім сұрады

19/10/2016

Азамат А.К.Төлеуғалиев маркасы «Volkcwagen Touareg» автокөлігін басқарып келе жатып, жол ережесін өрескел бұзып, басты жолда келе жатырған маркасы «Lada KsOy51» автокөлігіне жол бермей соқтығыс жасаған. Сөйтіп абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқтырып,жолаушы жәбірленуші Н.К.Тулепбергеноваға орта дәрежелі дене жарақатын келтірген. Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 341 бабының 1 бөлігімен сараланған.

Алдыңғы көлікке соқтығысқан

19/10/2016

Құрманғазы аудандық сотында құқықбұзушы М.Ш. қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.

Құқықбұзушы М.Ш.  жүргізуші куәлігі болмай «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, Ганюшкино ауылының Абай көшесінің тас жолында ара қашықты сақтамай «Opel-196» маркалы автокөлігіне соқтығыс жасаған, нәтижесінде  жәбірленушіге материалдық залал келтірілген.