Архив событий

03/10/2016

Атырау қалалық сотының қызметкерлері жаңа киім үлгісіне көшті

03/10/2016

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету  департаментімен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) соттардың мамандарына бірыңғай нысанды киім үлгісі жасақталған болатын. Аталған киім үлгісі ұлттық өрнекпен көмкерілген қара жейдеден тұрады.

Жылыой аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

03/10/2016

Жылыой аудандық сотында судьялардың, сот қызметкерлерінің, және жергілікті басылым «Кең-Жылой» газетінің редакторы және тілшісі , және ҮЕҰ-өкілдерінің қатысуымен «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бес институционалдық реформаларды іске асырудың бағдарламасы талқыланды .

Сатып алушы бұзылған торт сатқан кондитерлік дүкенді сотқа берді

03/10/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық соты азаматша Ж.-ның жауапкер А.-дан берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта анықталғандай, азаматша Ж. «Асыл тәттісі» дүкенінен торт сатып алып, үйіне апарған кезде ол торттың бұзылып, көктегенін аңғарып, торт дүкенінің иесінен торттың  ақшасы 4 000 теңгені кері қайтаруды және 8 000 теңге материалдық шығынды өндіруді сұраған.

Атырау облыстық сотының төрағасының атына азамат Б.Утепбаевтан «Алғыс хат» келіп түсті

03/10/2016

Алғыс хатта автор – сенімхат бойынша өкіл Атырау қалалық сотының судьясы Э.Дощанованың талап қоюшылар Атырау қаласының әкімінің, «Атырау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жауапкер Бауыржан Утепбаевке жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару  туралы талап қою арызы бойынша және жауапкер Б.Утепбаевтың жауапкер «Атырау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылғы 17 наурыз №367 қаулысын заңсыз деп тану туралы  қарсы талап қою арызы  бойынша азаматтық істі қарауда судья өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарып, әділ шешім шы

Алаяқты бес жылға бас бостандығынан айырды

03/10/2016

Атырау қаласының №2 сотымен А.Қарагойшиеваға қатысты қысқаша тәртіппен, келісімдік іс жүргізу бойынша алаяқтық қылмыс әрекеттерін жасаған үшін қылмыстық іс қаралды. Сотталушы А. Қарагойшиева жәбірленушілердің сенімдеріне кіріп,оларды алдап мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер және несие алып беремін деп, ақша-қаражаттарын заңсыз түрде иемденген

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

03/10/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ғимаратында «Ашық есік күні»   өткізілді.

Аталған шараға осы соттың судьясы С.Хасан, мемлекеттік органдардың, облыс орталығындағы мекемелердің өкілдері қатысты.

Судья  С.Хасан  аталған шараның маңыздылығын атап өтіп,сот  төрелігін жүзеге  асыру, сот жүйесінің жұмысы туралы жан-жақты айтып, қойылған сұрақтарға  жауап  берді. 

Әкімшілік сот ұжымы сенбілік өткізді

03/10/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сот аумағында сенбілік өткізді.

Сот ғимаратының және оған қатысты аумақтың санитарлық күйін дұрыстау және күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында, сот ұжымы күл-қоқысты жинап, талдар мен гүлзарлардың жерін көтеріп, белсенді жұмыстар жүргізді.

Сенбілік барысында сот аумағы жалпы қурап қалған жапырақтардан, талдардан және қоқыстардан тазартылды.