Архив событий

13/10/2016

Индер аудандық соты 2016 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша брифинг өткізді

13/10/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында ҮЕҰ-ның, «Нұр Отан» партиясының, прокуратура, БАҚ-ның өкілдерінің және де судьялар мен мемлекеттік қызметкерлердің қатысуларымен 2016 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Шара сот жұмысының 9 айының қорытындысы және Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының орындалуы, 9 айының көрсеткіштері мен сот әділдігін жүзеге асыру сапасын талқылауға арналды.

Ұры жәбірленушімен татуласты

13/10/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотталушы А.Д. - ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М.Т. 2016 жылдың шілде айында Махамбет ауылындағы жәбірленуші Т.Д.-ның үйіне заңсыз кіріп, аталған тұрғын үйдің кіре беріс бөлмесінде орналасқан ас бөлмедегі тоңазытқыш жанында тұрған қара түсті «Айфон-4с» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден қашып кеткен. 

Қызылқоға аудандық сотында балабақша тәрбиешісіне қатысты айыптау үкімі шығарылды

13/10/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің  141 бабының 2 бөлігімен айыпталған «Балдаурен» балалар бақшасының тәрбиешісі А.М.-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Алкоголизммен ауыратын науқас мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға жіберілді

13/10/2016

Алкоголизммен ауыратын Б.Д. алкогольдік ішімдікті теріс пайдалану нәтижесінде, оны алкоголизмнен еріксіз емдеуге жіберу үшін тиісті органдарға туысының арыз беруіне мәжбүр еткен. Сол себептен «Исатай аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері азамат Б.Д.-ны алкоголизмнен еріксіз емдеуге жіберу туралы сотқа арыз берген.

Махамбет аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау мәселелері талқыланды

13/10/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары мен мамандары, аға прокурор А.Буденова, ІІБ-нің аға лейтенанты М.Мырзахметов, Махамбет ауданы бойынша Кірістер басқармасының бөлім басшысы Б.Утешова, Махамбет инспекция бөлімінің бас маманы Н.Бағытжанова, Махамбет аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы С.Кереев, жеке сот орындаушы А.Мендалиева қатысты.

Заңды маңызы бар фактіні анықтау жөнінде азаматтық іс қаралды

13/10/2016

Атырау облысы Жылыой  аудандық соты заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, азамат К.А өзінің 01 қаңтар 1951 жылы туылған әкесі К.Д.-ның 01 тамыз 2016 жылы кенеттен ауырып қайтыс болғандығы, әкесі қайтыс болғандығы жөнінде куәлік алу үшін Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінгенін, одан алған жауап бойынша қайтыс болуды тіркеу сот органдары арқылы жүргізілетіні белгілі болғандықтан, соттан әкесінің қайтыс болу фактісін анықтауды сұраған.

Төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурстуралы хабарландыру

13/10/2016

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік сот ашық есік күніне шақырады

13/10/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрелігінің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беру үшін «Ашық есік» күні өткізілетіні хабарланады.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып, өздерінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар. Азаматтардың сұрақтарына сот төрағасы мен судьялар жауап береді.