Архив событий

04/10/2016

Азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде қаралды

04/10/2016

Талап қоюшы М.Шахуованың жауапкер А.Салиховадан қарыз ақшасын өндіру туралы талап қою арызы Қазақстан Республикасының АПК-нің 13-Тарауының талаптарына сәйкес болғандықтан, талап қою арыз сот ісін жүргізу үшін қабылданып, азаматтық іс қозғалған.

АПК-нің 146-бабының 3-тармағына сәйкес, сот тараптарды хабарландырып, жауапкерге өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, жауапкерге он бес жұмыс күні ішінде талап арызға пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі.

Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған

04/10/2016

Атырау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша С.М -ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  жеке тұлға  азаматша С.М. азық-түлік дүкенінің  сатушысы бола тұра, түнгі сағат 23:00 шамасында азамат Б.И. -ге бір дана «Журавушка»алкогольдік ішімдігін сатқан.

Сот отырысында құқықбұзушы С.М. өзінің кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетіндігін білдірді..

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы құқыққа қарсы әрекет

04/10/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Ж.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ж.Ж. пәтердің ішінде алкогольден масаю күйінде өзінің бұрынғы жолдасы С.И.-ды боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот мәжілісінде азамат Ж.Ж. өз кінәсін мойындады.