Архив событий

18/10/2016

Ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

18/10/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

1. Иманбаева Курманай Кубашевна – Атырау облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі лауазымына (С-О-2 санаты) – тұрақты орынға;

Татуластыру рәсімдерін насихаттау жөніндегі мобильдық топпен ауыл тұрғындарымен ашық есік күні өткізілді

18/10/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотының судьясы сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында қол қойылған «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум» аясында  Индер ауданының Жарсуат, Бөдене ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді.

Шараға ауылдық округ әкімдері Ж.Ғизатов, Н.Азгалиев, кәсіби емес медиаторлар Е.Дәуітбай, К.Бекет және 35 тұрғын мен БАҚ өкілдері қатысты.

Судья студенттерге «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында лекция оқыды

18/10/2016

2016 жылдың қазан айының 18 күні Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нуримова Тыныштық Темиргалиевна «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында  Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде студентердің арасында құқықтану  сабағын өткізді.

Атырау облысы соттарында сақтандыру компанияларының «Сот кабинеті» сервисіне қолжеткізу мәселелері талқылауға арналған дөңгелек үстелдер өтті

18/10/2016

Құрманғазы аудандық  сотының ұйымдастырумен «Сот кабинеті» сервисіне қолжеткізу мақсатында сақтандыру компаниялары мен олардың филиалдарын шақыра отырып дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл шараға аудандық соттың судьясы Б.Менситова, сот мамандары мен  «Казахинстрах» және «АСКО» Сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.

«Атыраулық атқыш» кінәлі деп танылды

18/10/2016

Сотталушы А.Карабеков өз көлігімен «Аспава» мейрамханасына жақындай бергенде жаяу жүргінші Р.Д. мен С.Е.-ні басып кете жаздаған.

Осы әрекетіне ескерту жасаған жігіттерге ашуланған жүргізуші автокөлік салонынан атып шығып С.Е.-нің бетінен бір рет ұрады. Оған көмектеспек болып досы Р.Д. жүгіріп келгенде А.Карабеков көліктің алдыңғы жүргізуші орындығынан травматикалық қаруды алып соңғысының сол жақ аяғын атып, жаралайды.

Абырой болғанда зардап шеккендер «жеңіл дене жарақаттарын» алған.

Атырауда бала бақша меңгерушісі мен білім бөлімінің бас маманы пара үшін сотталды

18/10/2016

Атырау қаласының №2 соты сәбиді бала бақшаға орналастыру үшін пара алған лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, «Мөлдір» бала бақшасының басшысына жергілікті тұрғын С. өзінің бір жасар қызын бала бақшаға орналастыру мәселесі бойынша жүгінген. Әйел баланың екі жасқа толмағанын айтып, сол себепті бала бақшадан  орын алуға мүмкіндігі болмай тұрғанын айтқан.