Архив событий

11/05/2017

Атырау облыстық сотының судьялары Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі студенттеріне лекция оқыды

11/05/2017

Елбасының Қазақстан Республикасы судьялардың VII съезінде халық ішінде құқықтық сауаттылықты өткізу тапсырмасын орындау шеңберінде Атырау облыстық сотының судьялары Г.Қарабалина, Б.Нұржанова және А.Калимукашева Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі студенттері мен профессор ұстаздарға леккция оқыды.

Шараға 100 шақты тыңдарман жиналды.

Іс татуласу рәсімдерін қолданумен аяқталды

11/05/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы   «Тулегенов» ЖШС-нің жауапкерлер М.Р.-ға, Ж.Н.-ға өзгенің заңсыз иелігіндегі мүлікті талап ету туралы азаматтық ісін алдын ала сот отырысында қарады.

Сотта анықталғаны, талап қоюшы Т. жауапкерлер М.Р., Ж.Н.  пластикалық құрылыс бұйымдарын шығаратын шеберханасын жер телімімен 2016 жылы  сату-сатып алу келісім шартымен сатып алғандарын,алайда олар Т. меншігіндегі тұрған контейнерді бермей, иемденіп отырғандарын көрсетіп, оны мәжбүрлеп алып беруді сұраған.