Архив событий

24/05/2017

Атырау бизнес және құқық колледжі студенттерімен кездесу

24/05/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык және судья Ж.Хабаров  Атырау бизнес және құқық колледжі студенттерімен кездесу өткізді.

Студенттер өздерін қызықтыратын сот қызметі мен сот отырыстарының жүргізілуіне байланысты сұрақтар қоюға мүмкіншілік алды, сонымен қатар барлық қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өңір тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

24/05/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлт Жоспарына сәйкес, заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отырған  реформалардың мән-маңызын  насихаттау жұмысын   тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп  келеді.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында«Казақстан Республикасындағы гендерлік саясатты жүзеге асыру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

24/05/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Казақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  

Шараға судьялар мен сот мамандары,  мемлекеттік емес ұйым өкілі заңгер В.Клименко, медиаторМ.Мухтарова және психолог Г.Султанова, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсету бойынша бөлімі» ММ-нің өкілі А.Бекбаева қатысты.

Атырау қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өтті

24/05/2017

Атырау қаласының №2 сотында «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық істері бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Атылған шараға Атырау облыстық және қалалық прокуратурасының, құқық қорғау қызметінің, «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің өкілдері және сотының төрағасы мен судьялары қатысты.