Архив событий

10/05/2017

Индер аудандық сотындағы ашық есік күні

10/05/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында ашық есік күні өтті.

Кездесуді сот төрағасы Д.Тұхфатова жүргізді, іс-шараға аудандағы М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Көктем орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдері  қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақ қойып, соның ішінде соттың қандай істерді қарайтыны, Медиация заңы, заңгер мамандағының ерекшелігі жөнінде сұрақтар олардың қызығушылықтарын тудырды. 

Сот тараптардың келісімге келуіне көмектесті

10/05/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индер-Мақсат несие серіктестігі» ЖШС-нің жауапкер Ж.Т.Бимаганбетова жеке  кәсіпкерінен  негізгі қарыз 270 950 теңге, сыйақы - 8 133 теңге, өсімақы - 602 983 теңге өндіру туралы талап  арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар медиация көмегімен татуласты

10/05/2017

 

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы Е.Қырықбаевтың жауапкер Б.Кырыкбаевтан оқыту кезінде алимент өндіріп алу жөніндегі талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Е.Қырықбаев сотқа жазған талап арызында әкесі Б.Кырыкбаевтан оқыту кезіне алимент өндіріп алуды сұраған.

Сот отырысында тараптардан судья медиатордың көмегімен дауды татуласу шартымен реттеу туралы өтініш түсті.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді

10/05/2017

Тұрғындарды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык қабылдады. Шараның басты мақсаты жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру болып табылады.

Сот төрағасының қабылдауында қала тұрғындары соттың қаулысымен салынған әкімшілік айыппұл орындау тәртібі туралы, Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу бойынша сұрақтармен жүгінді.

Сот отырыстарындағы дыбыс-бейне жазба жүйесін қолдану туралы семинар сабағы

10/05/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында кеңсе меңгерушісі мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен сот отырысы барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио-бейне жазба жүйесін қолдану тәртібі  тақырыбында семинар сабағы  өтті.

Сот немересін тәрбиелеу жөнiндегi мiндетiн орындамаған қамқоршы әжеге әкімшілік жаза тағайындады

10/05/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінде көзделген, яғни баласының тәрбиесімен айналыспай, ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған немересінің тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған қамқоршы әжеге қатысты әкімшілік істі қарады. 

Заңсыз балабақша ашқаны үшін кәсіпкерге айыппұл салынды

10/05/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1-бөлімімен (тіркеу, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, хабарлама жібермей қызметпен айналысу) жеке кәсіпкер К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, ЖК білім беру қызметі бойынша кәсіпкерлік қызметті, атап айтқанда мекетепке дейінгі алғашқы білім беру және тәрбие беру қызметін жүзеге асыруда уәкілетті органдарға хабарламаған, олардың тиісті рұқсатын алмаған.  

Соттар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінде

10/05/2017

Атырау соттарының судьялары мен қызметкерлері Жеңіс күнінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бейбітшілік үшін күрескендерді құрметтеп, еске алуға келгендердің қатарында әкімдер мен депутаттар, сот корпусы мен құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай - ақ қала  мен аудан тұрғындары және қонақтары болды.