Архив событий

01/02/2016

Атырауда қылмыстық іс медиациялық тәртіпте қысқартылды

01/02/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 350 бабының 1бөлігімен сотқа берілген сотталушылар Н.Ү., Б.А., Д.Ж., М.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

ЖШС-нің талап арызы ішінара қанағаттандырылды

01/02/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Жахан Атырау» ЖШС-нің жауапкер «Атырауполимерстрой» ЖШС- нен 1 750 400 теңге негізгі берешек пен 174 040 теңге айыппұлды өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өз талабын жауапкер екеуі арасында жабдықтар мен оның аксессуарларын жеткізу және монтаждау туралы мердігерлік келісім шарт жасалғандығын, алайда жауапкер өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны салдарынан аталған келісім шарт негізінде берешек пен айыппұл пайда болғанын көрсетті.

20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасын тағайындады

01/02/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарында анықталғандай, 2016 жылдың қаңтар айында құқықбұзушы А. балық аулауға тиым салынған жерден балық аулап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігінде көзделген  әкімшілік құқықбұзушылық әрекет жасаған.