Архив событий

15/02/2016

Атырау облыстық сотында облыс судьяларының қатысуымен семинар сабағы өтті

15/02/2016

Атырау облыстық сотының Оқу орталығында облыс судьяларының қатысуымен семинар сабағы өтті.

Шараға Атырау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ә.Ж.Шығамбаев, Оқу орталығының жетекшісі Г.М.Нұржігітова, облыстық соттың судьялары, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Ювеналдық сотта даудың татуласу жолымен шешілуі

15/02/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Г-нің К-ге әке болуды анықтау және алимент өндіру жөніндегі талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.

Азаматтық іс бойынша жауапкер сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

15/02/2016

Заң сот билігінің институты ретінде процеске қатысушылардан сотқа деген құрметті талап етеді.

Сотқа құрметтемеушілік білдіру оның құқықтық функцияларын жүзеге асыруына кері әсерін тигізіп, дәлелдемелердің зерттелуін қиындатып, сонымен қатар, процесті тәрбиелік ролінен айырады.

Сондай ақ, Құлсары қаласында И.Т есімді азамат аудандағы «Қазақстандық шағын несие Компаниясы» қаржылық ұйымынан қомақты көлемде несие алып, оны уақытында қайтармай қойған.

Психиатриялық сараптамадан өткізу үшін мамандандырылған медициналық ұйымға орналастырылды

15/02/2016

Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен күдікті Л.Р.-ды психиатриялық сараптамадан өткізу үшін мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру және көмек көрсету туралы Индер ауданы прокуроры қолдаған аудандық ішкі істер бөлімінен түскен өтініш қаралды.       

21 210 теңге әкімшілік айыппұл салынды

15/02/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Б.П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б.П.2016 жылдыңқаңтар айында «ВАЗ 21102» маркалы автокөлігін Атырау қаласындағы «Арман» кафесі тұсында басқарып келе жатып, қарсы жолда келе жатырған азамат Л.Е.-ның басқаруындағы «Hyundai Accent» маркалы  автокөлігіне жол бермей соқтығыс жасаған.