Архив событий

22/02/2016

Қызмет этикасын сақтау - негізгі міндет

22/02/2016

Атырау қалалық сотында «Мемлекеттік қызметшінің қызмет этикасы, моральдық адамгершілік бейнесі және іскерлік сапалары» және «Сот отырысы хаттамаларын жасақтау тәртібі, хаттама жүргізудің міндеттілігі және мазмұны, сапасы»  тақырыбында  семинар сабағы  өткізілді.

Семинарды қалалық сот төрағасы А.Н.Ерманов жүргізіп отырды.Оның жұмысына  соттың кеңсе меңгерушісі және мамандары  қатысты.

Қызылқоға аудандық сотында жаңа Азаматтық процестік кодекстің өзгерістері бойынша семинарлық оқу сабақтары жалғасуда

22/02/2016

Қызылқоға аудандық сотында 2015 жылғы 31 қазанда қабылданған жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін одан әрі оқып, кодекстің талаптарын дұрыс қолдану аясында  семинарлық оқу сабақтары өтті.

Осы тұрғыда жаңа кодекстің «Ерекше іс жүргізу» бөлігінің талаптары,  «Татуластыру рәсімдері»  тақырыптарында судьялар мен сот қызметкерлері арасында дәріс оқылып, пікір алмасылды.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік

22/02/2016

Атырау облысы Құрманғазы аудандық соты азамат К.А.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат К.А.-нан сот бұйрығы негізінде еңбекақы және басқа да табыстарынан 1/4 мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы атқару өндірісі қозғалғаны анықталды.

Бірақ, азамат К.А. ұзақ мерзім балаларына алимент төлеуден жалтарған және борыш соммасын өтемеген.    

«Ащы су» ішудің соңы ауыр қылмысқа жалғасқан

22/02/2016

Доссор поселкесінің тұрғыны Дамир өзінің таныстары Ербол және Жандоспен кездесіп, бас қосуларын ішімдік ішумен жалғастырмақ болады. Сөйтіп, Дамир дүкеннен арақ алып, Ерболдың үйіне барып үшеуі ішеді.

Бір мезетте Ербол сыртқа шығып кеткен кезде Жандос пен Дамирдің араларында келіспеушілік туып, екеуі араздасып қалады. Дамир  Жандосты залға кіргізіп, жұдырығымен оның бетінен бірнеше рет қатты ұрып, кеудесінен тепкілейді. Сол кезде Жандос тиген соққылардың әсерінен кейін қарай шегініп барып құлап, басын жылу батареясына соғады.