Архив событий

29/02/2016

Татуласу кабинеті Махамбет ауданында ашылды

29/02/2016

Атырау облысының Махамбет ауданы әкімшілігі жанынан медиация кабинеті ашылды

Шараға аудандық сот төрағасы А.Қадырғалиев, сот судьялары мен қызметкерлері және кәсіби емес медиаторлар  қатысты.

Кездесуде  түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Сот төрағасы А.Қадырғалиев «Медиация туралы» Заңның жалпы ережелеріне тоқталып, алдағы уақытта татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттауды жандандыру үнемі бақылауда болатынын атап айтты.

 

 

 

 

Мақсат - сыбайлас жемқорлықпен күресу!

29/02/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараға аудандық  сот төрағасы мен сот мамандары қатысты.

Индер аудандық сотында селолық округ әкімдерінің қатысуымен семинар өтті

29/02/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотының залында кент селолық округ әкімдері және сот қызметкерлерінің қатысуымен сотта қаралатын істерге медиация заңын қолдану тақырыбында семинар өтті.

Төрағалық етуші судья Ә.Құспанов Президенттің «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға тоқталып, сотта қаралатын істердегі медиаторлардың рөліне тоқталды.