Архив событий

26/02/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 17 тарауына сәйкес татуласу рәсімдерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/02/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 17 тарауына сәйкес татуласу рәсімдерін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға сот төрағасы мен судьялары, БАҚ өкілдері, «Қазақтелеком», «Атырау жылу электр орталығы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «НК СПК Атырау» акционерлік қоғамдарының, «Атырау Энергосату», «Спецавтобаза» ЖШС-терінің өкілдері қатысты.

Сотта «Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен» реттеу тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/02/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялардың және адвокаттардың қатысуымен «Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен» реттеу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - осы рәсімді қолдану барысында туындайтын мәселелерді жергілікті адвокаттармен кеңінен талқылау.

Сотта «Сот кабинеті» жүйесі мен «Сот кабинетінің мобильды нұсқасы» электронды қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/02/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот кабинеті» жүйесі мен «Сот кабинетінің мобильды нұсқасы» электронды қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот қызметкерлері, «Атырау жылу электр орталығы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдарының өкілдері және жеке сот орындаушы мен мемлкеттік сот орындаушылар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - «Сот кабинеті» жүйесін насихаттау, оның жұмысын  одан-әрі жандандыру.

Атырау облысы Құрманғазы аудандық соты шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдікке айыппұл салып, елден шығарды

26/02/2016

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының үкімімен Өзбекстан Республикасының азаматы  Ж.Каримов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 392 бабының 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту) кінәлі деп танылып, оған айыппұл жазасымен қоса Қазақстан Республикасының шегінен шығару жазасы тағайындалды.