Архив событий

17/02/2016

Ювеналдық сотта бітімгершілікпен бітетін істер саны көбейе түсуде

17/02/2016

Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексінде татуласу рәсімінің 4 түрі қарастырылған, олар- бітімгершілік келісімі, медиативті келісім, сот медиациясы және партисипативті келісім.  

 Жыл басынан бері ювеналдық сот 3 бітімгершілік келісімін, 3 сот медиациясын, 2 медиативті және 1 партисипативті келісімді бекітіп, 4 адамға қатысты бір қылмыстық іс медиация тәсілімен  қысқартылды.

Маман мінбері: "Сот кабинетін" тиімді пайдаланайық

17/02/2016

«Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының «онлайн» сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арықылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алды.

Ескіру мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты іс қысқарды

17/02/2016

Жәбірленуші Л.Т.-нің үйіне азамат Д.Н. алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, үйінің терезелері мен есігін соғып, жәбірленушіні боқтап-балағаттап, оның тыныштығын алған. Сөйтіп, Д.Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Жол көлік оқиғасын жасаған айыпкер айыппұл төледі

17/02/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы К.Айшуақовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы К.Айшуаков осы жылдың қаңтар айында өзінің басқаруындағы «Газ 330200» маркалы автокөлігімен Махамбет-Сарытоғай тас жолында жол қауіпсіздігін сақтамай, басқару жүйесін игере алмай, өз жолымен қарама-қарсы бағытта келе жатырған жәбірленуші Б.Молдағалиевтың басқаруындағы «Lada 21901» маркалы автокөлігіне соқтығысқан, нәтижесінде автокөлікке материалдық залал келтірілген.

Алкоголь өнімінің айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

17/02/2016

Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 287 бабының 3 бөлігінің 7 тармағында  көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған К.Алипкайроваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, жеке кәсіпкер К.Алипкайрова Тұщықұдық селосында орналасқан "Береке" кафесінде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырып, алкоголь өнімдерін сақтап, оларды мемлекеттік лицензия бойынша  сатумен айналысқаны анықталды.