Архив событий

18/02/2016

Атырау облыстық сотында сот мамандарының семинар сабағы өтті

18/02/2016

Атырау облыстық сотында сот мамандарының семинар сабағы өтті.

Аталған шараға Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Б.Қ.Жолдаспаева, облыстық соттың бөлім басшылары және мамандары, қалалық соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты.

Семинарда Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған заңнамалары туралы облыстық соттың бас маманы Б.Серік баяндап берді.

Дауласқан тараптар татуласу келісімін жасасты

18/02/2016

Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы К.Ж.-ның жауапкер Е.А.-дан мүлікті қайтару туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы К.Ж. сотқа берген талап арызында жауапкерден бір бас малға айырбастап көлік алғанын, сол көліктің құжатын өзінің атына ауыстырмағандықтан малын кері қайтаруды сұраған.

Сот отырысында тараптар аталған дау бойынша татуласу келісімін бекітті.

Сот 3 жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

18/02/2016
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
 
Соттан анықталғандай, құқықбұзушы Ж. 2016 жылдың қаңтар айында өзінің басқаруындағы «Лада-21713» маркалы көлік құралын Азаттық көшесі бойында есірткілік  масаң күйінде басқарған.
 

Сот бережақты өндіріп берді

18/02/2016

Индер аудандық сотында талап қоюшы К.-нің жауапкер М.-дан қарыз ақшасын өндіруді сұраған азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы К. сотқа жазған талап арызында жауапкер М.-ның өзінен 55 000 ресей рублі көлемінде қарыз алғанын, қарызын 2015 жылғы 17 сәуірде бір айдан кейін кері қайтарып беруге уәде бергенін, ол ақшаны автокөлігін жөндету үшін алғанын, алайда күні бүгінге дейін кері қайтармағандықтан жауапкер М.-дан бережақ ақшасын өндіруді сұраған.