Архив событий

10/02/2016

Судьялар «Қазақстан- Атырау» телеарнасындағы «Заң қуаты» бағдарламасына қатысты

10/02/2016

Атырау облысы соттарының судьялары Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарын бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы насихаттауға белсене  атсалысуда.

Дау партисипативтік рәсім арқылы реттелді

10/02/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Ә.Сапарованың жауапкер А.Умбетовке баланың тұрғылықты жерін анықтау және қарсы талап қоюшы А.Умбетовтың жауапкер Ә.Сапароваға баланың тұрғылықты жерін әкесімен белгілеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылды

10/02/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Исатай аудандық пробация қызметінің Ж.Сапаровқа тағайындалған бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

Ж.Сапаров Исатай аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын.

Көші-қон заңнамасының бұзылуы

10/02/2016

Құрманғазы АІІБ-нің  көші-қон полиция қызметкерлерімен «Керемет» сауда орталығына тексеру жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының азаматы К.А.-ның Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылатын рұқсатты алмастан, еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісі анықталған.

К.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон аумағындағы заңнамаларды бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.