Архив событий

16/02/2016

Азаматтар Атырау облысының судьяларына алғыс білдіруде

16/02/2016

Атырау облысының судьяларының атына алғыс хаттардың түсуі жалғасуда. Облыстық сот төрағасы М.Бектұрғановтың атына азаматтардан осындай жағымды хаттар бірнеше рет келіп түсті.

Осылайша Индер ауданының Бөдене ауылының тұрғындары А.Исмұханов пен Г.Утепқалиева Индер аудандық сотының ұжымына, атап айтқанда сот төрағасы Д.Тұхфатоваға, судьялары А.Құспанов пен З.Бекжановаға және сот отырысының хатшылары Г.Егізбаева мен Э.Төлепбергеноваға алғыс білдірген.

Бір мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары қолма-қол төлем үшін айыппұл

16/02/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында «Тұз» ЖШС-нің «Индер ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының 266 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту және салынған айыппұлдың көлемін азайту туралы қаулысына келтірген шағымы бойынша іс қаралды.

Іс құжаттарынан «Тұз» ЖШС-нің «Көмек Ер» ЖШС-мен тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге келісім шарт жасап, ол бойынша соңғысына 40 000 000 теңге төлеуге міндеттенген. 

21 210 теңге әкімшілік айыппұл салынды

16/02/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Б.П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б.П.2016 жылдың қаңтар айында «ВАЗ 21102» маркалы автокөлігін Атырау қаласындағы «Арман» кафесі тұсында басқарып келе жатып, қарсы жолда келе жатырған азамат Л.Е.-ның басқаруындағы «Hyundai Accent» маркалы  автокөлігіне жол бермей соқтығыс жасаған. Нәтижесінде материалдық шығын бар.

Қызылқоға аудандық сотында «Мемлекеттік қызмет талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

16/02/2016

Қызылқоға аудандық сотында, мемлекеттік қызметкерлерге жаңа заңнамаларды насихаттау,  мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметтік әдептің сақталуын жүзеге асыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет  талаптары» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.                      

Іс жеңілдетілген өндіріс тәртібімен қаралды

16/02/2016

«Кар-Тел» ЖШС-гі «Кульсарыгаз» ЖШС-нен 566 267 теңге өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Талап қоюшы талап арызын ұялы байланыс қызметі бойынша жауапкердің талап қоюшы алдында берешек пайда болғанын, бірақ әлі күнге дейін жауапкер берешегін төлемегендігін көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексінің 13 тарауына сай, аталған талап арыз жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралды.