Атырау облыстық соты мен Судьялар одағы филиалы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күнін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін, Атырау облыстық соты Судьялар Одағы филиалымен бірлесе отырып, Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған бірқатар іс – шаралар ұйымдастырды.

Таңертенмен судьялар мен облыстық, қалалық, әскери прокуратураның және ішкі істер органдарының қызметкерлері  Атырау қаласының №2 соты ғимаратының қабырғасында орналасқан У.Тұрымов, Ә.Қайнарбаев, Ө.Мырзалиев, Қ.Айтешев сынды Отан соғысын өткерген майдангерлердің ескерткіш тақталарына гүл шоқтарын қою үшін жиналды.

Салтанатты жиынды ашқан Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов осыдан дәл екі жыл бұрын, көпжыл сот жүйесіне адал қызмет еткен, соғыс ардагерлерінің құрметіне ескерткіш тақталары орнатылғанын еске салды.

«Қазақ халқында «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген керемет мақал бар. Шаруа тек ескерткішті орнатумен аяқталмайды. Жыл сайын дәстүр бойынша біз осында келіп, гүл шоғын қоя отыра, біздің Отанды басқыншылардан қорғағандарға құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ бейбіт күні біздің халықты тыныш өмір сүрсін, барлық азаматтар еркін еңбектеніп, болашағын қалыптастырсын деп тыныштығымызды күзетушілерге үлкен серпін береміз.» - деді М.Бектұрғанов.

Сонымен қатар, аталған шараға өз жолдастарына сыйластық білдіру үшін Отан соғысының алдагерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері А.Айбаров пен О.Қарасаевта келді.

Барлық ерлердің есімін ұлықтауға келгендер мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Шараның келесі бөлігі ардагер қонақтарға құрмет көрсету үшін сот ғимаратында жалғасты. Оларға жергілікті әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кейін майдангерлермен жылы жүздесу мерекелік дастарханда жалғасын тапты.

Күннің екінші жартысында облыстық соттың конференц залында ұжымның әйелдер қауымы ерлерді Отан қорғаушылар күнімен салтанатты түрде құттықтап, нәзік жандылар өз өнерлерін көрсетті.

Шараның құрметті қонағы ретінде белгілі заңгер, журналист Ирак Елекеев қатысты.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі