Атырау облысының соттары ардагерлерді келе жатқан мерекелермен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеңіс күні - біздің еліміздің тарихымызда әрдайым ең маңызды мереке болып табылады. Мереке қарсаңында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен мамандары бізге Жеңіс күнін сыйлаған ардагерлерге, құрмет көрсету мақсатында құттықтап барды.       

Кездесу барысында ардагерлер өздерінің соғыс кезеңдерінде көрген ауыртпашылықтарымен Жеңіс күніне қалай жеткендерін естеріне алып, өздерінің естеліктерімен бөлісті.

Буянова Вера Владимировна – 20 қыркүйек 1924 жылы дүниеге келген, Екінші Украин фронтында еңбек етіп, «медицина қызметінің аға сержанты» атағын алған.

Куспанова Райхан – 08 наурыз 1932 жылы дүниеге келген, майдан еңбеккері, Ұлы Отан Соғыс кезінде Перм ауданындағы көшірілген мекемелерде еңбек еткен, майдан жауынгерлерін тоқыма бұйымдарымен қамтамасыз етуде көптеген күш жұмсаған.

Тілек білдірумен қатар судьялар ардагерлерге  сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

Біз барлықтарыңызды келе жатырған Жеңіс күннің 72-і мерейлі тойымен құттықтаймыз, шын жүректен Ұлы Отан Соғысы ардагерлерімен майдан еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, осындай күнге жеткізгендері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.Хабаров және Ф.Ансариева Ұлы Отан соғысының 72 - жылдығына орай Ұлы Отан Соғысының ардагері Александр Смысловпен кездесті.

Судья Ф.Ансариева ардагерді шын жүрекпен Жеңіс мейрамымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеп, әкімшілік сотының судьялары мен сот мамандарының атынан сыйлық тапсырды.

Кездесу соңында ардагер Александр Александрович сот ұжымына, әрбір азамат өзінің - Отан алдындағы борышын ұмытпай, Отанды сүюді, әрқашан бірлестікте болу керектігін айтып, мереке қарсаңында өзіне көрсетілген ыстық ықыластары үшін шексіз ризашылығын білдірді.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының ұжымы, Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) Қызылқоға аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Кариннің қатысуымен Ұлы Отан Соғысының 72 жылдығын мерекелеудегі іс-шараларын ұйымдастырып, тылда ерен еңбегімен, темірдей төзіммен жеңіс күнін жақындатқан тыл ардагері, 1926 жылы туылған 91 жастағы қарт ана Қапанова Нақияның отбасына барып, сый-құрмет көрсетті.

Мереке қарсаңында құттықтай барған аудандық сот қызметкерлеріне майдан даласындағы өмір қаншалықты қиын болса, тылдағы тіршіліктің азабы одан кем болмағанын Нақия ана тебіреніспен жеткізді.

Сот төрағасы А.Досмагамбетова сот ұжымы атынан қарияның отбасына береке, әлі де ұрпақ қызығына бөленер ұзақ ғұмыр тілей отырып, естелік сыйлықтар табыс етіп, дастарханнан дәм татылды.                   

Тоқсаннан асқан қарт ана, құрмет көрсете келген сот қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілінің тілектерін зейін қойып тыңдап, келген қонақтарға ақ батасын берді.

Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұжымы Отан қорғаушылар күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналған іс шаралар жұмысын ұйымдастырды.

Бүгін, судья Ғ.Отарұлы және сот қызметкерлері сот мамандарымен фашизмді жеңу ісіне үлес қосқан Атыраулық соғыс ардагерлері Анвар Шарафуденов  және  Михаил Ахметұлы Андакуловқа Атырау облысының сот корпусы атынан алғыс білдіріп, құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтары мен ықылас гүлін табыс етті.

Ардагерлер өз кезегінде сұрапыл соғыс естеліктерімен бөлісіп, сот қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, елімізге бейбіт өмір,  бірлік пен келісім жалғасын табуын тіледі.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Атырау облысы Индер аудандық сотының қызметкерлері еңбек ардагерінің үйінде болып,мерекемен құттықтады.

Арнайы мерекелік дастарханда ардагер соғыс жылдарында басынан кешкен оқиғалары жайында еске түсіріп еңбек жолымен бөлісті.

Индер аудандық сотының төрағасы Д.Тухфатова құттықтау сөзінде - Сот жүйесінде бірнеше жыл тер төгіп, еңбек еткен ардагер Қожасова Бәтіштің өмір жолдары қарапайым болса да, өнегелі істері кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие бергені сөзсіз- дей келе, ардагерге, арнайы дайындалған сыйлықтар ұсынды.

Кейбір ардагерлер қоғамдық жұмыстардан қол үзбей, сот қабырғасында өткен мерекелік шараларға қатысып, өздерінің  ақылдарын айтудан жалыққан емес.

Мереке күні осындай сый –құрметке риза болған ардагер апай алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.

Осы сынды игі дәстүр  алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Атырау облысы Индер аудандық  сотының баспасөз қызметі

Жер дүниені  дүр  сілкінткен   соғыс  өртінің   сөнгеніне  биыл 72 жыл  толады.Ұлы  Жеңіс тойы  қарсаңында  өңіріміздегі ардақты  ардагерлер ерекше сый-құрметке бөленуде.

Жылыой аудандық сотының   судьялары жылдағы қалыптасқан үрдіс бойынша жеңіске жетуімізге зор үлесін қосып, күні-түні тынбай тылда еңбек еткен ҰОС тыл ардагері Сабирова Марияш апайды 9-мамыр Жеңіс күнімен құттықтап,құрмет  көрсетіп, мерекелік сый-сыяпаттарын табыс етті.

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі

9 мамыр - Жеңіс күні мейрамы қарсаңында Құрманғазы  аудандық сотының судьялары тыл еңбеккер, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында тылдағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған Құрманғазы ауданы Орлы селосының тұрғыны 90-жастағы М.Ергалиеваның үйінде болып, өздерінің құрметтерін көрсетті.

Судьялар Г.Таскинбаева және  Б.Менситова еңбек ардагерін мерекемен құттықтап, сот ұжымы атынан осы күнге жеткізген еңбегі үшін ризашылықтарын білдіріп, сыйлықтарын табыс етті. М.Ергалиева қонақтарына өзінің соғыс кезінде еңбегі мен көрген қиындықтары жөнінде әңгімесімен өзінің рахметін айтып, батасымен шығарып салды.

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі

9 мамыр жеңіс күніне орай аудандық соттың судьясы Г.А.Чингисов пен кеңсе меңгерушісі С.А.Сагинова тыл ардагері Ж.Ерғазиеваның үйінде болды.

Судья  Г.А.Чингисов Мақат аудандық соты ұжымы атынан тыл ардагерін  құттықтап, бағалы сыйлықтарын табыстады.

Ардагер Ж.Ерғазиева аудандық сот ұжымына көрсетілген құрметі үшін алғысын айтып, еңбектеріне жеміс тілеп, өзінің соғыс жылдарында көрген қиыншылықтары туралы ангемесін айтып берді.

Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі

«Жеңіс күні» мерекесінің қарсаңында  Махамбет аудандық сот ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмашев Фазылды Жеңістің 72  жылдығымен құттықтады.

Ардақты ардагер Белоруссия жерінде нөмірі 145-227 атқыштар полкі қатарында  атқыш  болып ұрыстарға кірісіп, 1944 жылы басынан қатты жарақат алған.  1946 жылы 31 наурыз айында «За победу над Германией  в Великой отечественной войне 1941-1945 г.г » медалімен марапатталған. 1946 жылдың күзінде елге ең соңғы болып елге оралған. Одан кейінгі зейнетке шыққанға дейінге еңбек жолы туралы әсерлі әңгімесін айтты.

Аудандық соттың судьясы А.У.Ергазиева сот ұжымы атынан ардагерге алғыс айтып, ізгі тілектерін тілеп,  сыйлық пен гүл шоғын тарту етті.

Соғыс ардагері  Жұмашев Фазыл көпті көрген ақсақал  сот ұжымына ризашылықпен алғысын білдіріп, батасын берді.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

Атырау қалалық сотының судьялары Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері Александр Александрович Смысловты маңызды мерекемен құттыктады.

Ардагер Александр Александровичпен кездесу барысында ол соғыс жылдары туралы естеліктерімен бөлісті. 1943 жылы сәуір айында Краснодонға соғысқа кетіп жеңіспен туған жеріне қайтты.

Жеңіс күні жылдың ең маңызды мерекелерінің бірі, бұл мереке біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасымызда, сондай-ақ бұрыңғы Кеңес Одағыгың көптеген елдерінде жыл сайын атап өтіледі.

Қалалық сотының судьялары соғыс кезінде жасалған ерлігі, батылдығы, қайсарлығы, каһармандығы үшін алғысын білдіре отырып, гүлдер мен сыйлық табыс етті.

Кездесу соңында ардагер  шынайы қамқорлық танытқандары үшін алғыс айтып, елімізге бейбітшілік,бірлік , татулық лебіздерін білдірді.

Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі

Исатай аудандық сотының ұжымы 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Тылда және сот жүйесінде еңбек етіп, бар күш-жігерін елдің болашағына жұмсап, кейінгілерге үлгі болған ардагерлерге құрмет көрсету іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялар мен мамандары, Исатай ауданының прокурорының орынбасары Ж.Жұмағазиев, Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Хисметуллин, Исатай ауданының «Нарын таңы» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі С.Панабердиев, «Қазақстан-Атырау» телеарнасының Исатай ауданы бойынша өкілі Е.Шеруенов және басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысып, Тыл ардагері Есболай Қуатовпен кездесу өткізілді.

Жиынды ашып, құттықтау сөзін алған аудандық соттың төрағасы А.М.Мағзомова Тыл ардагері Е.Қуатовқа 1941-1945 жылдары сұрапыл соғыс жылдарында еткен ерен еңбегі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық, мол бақыт тілеп, ұжым атынан естелік сыйлық тапсырды. Жасы тоқсанға таяған қарт өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа тілегін білдірді.

Іс-шара соңында қатысушылар естелік ретінде фотосуретке түсті.

Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі