«Атырау Жарық» АҚ-ның мекемесінде татуластыру рәсімдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының  судьялары мен кеңсе меңгерушісі татуласу рәсімдері мен дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Құлсары қаласындағы "Атырау Жарық" АҚ–ы мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева  медиация заңын  халық арасында насихаттау, медиацияның артықшылықтары, соттан тыс медиациялық келісімді жасаудың тәртібі мен талаптарын нақтылап түсіндірді.

Сонымен қатар татуласу рәсімін үйлестіруші судья Ж.Аятовөз сөзінде «Медиация туралы» Заңды қолдану арқылы татуласу рәсімдері аясының кеңеюі,  дауларды сотқа дейін де, сот тәртібімен де реттеуге мүмкіншілік беретінін  атап өтті. «Медиация туралы» Заңды қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іс жүргізуде қолдану қағидаларын түсіндіріп, әртүрлі дауларды кәсіби немесе  кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен тараптар арасында  медиациялық келісім жасау арқылы реттеудің жолдары туралы айтып өтті.

Кездесу соңында Б.Дюсебалиева қойылған сұрақтарына жауап беріп, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі