Атырауда аудандық мәслихат аппаратының есепшісі сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен және 314 бабының 1 бөлігімен (ескі Қазақстан Республикасы ҚК-і бойынша )  сотталушы О.Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы О.Р.2013-2015 жылдар аралығында Махамбет аудандық мәслихаты аппаратында есепші болып қызмет атқарған.

Өз қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, ол Халық банкіндегі еңбекақы шотына штаттық кестеде белгіленгеннен артық мөлшерде еңбекақы аударып отырған.

Тергеу органдарымен оның 2013 жылдан 2015 жылға дейін өзіне 336 000 теңгені иемденгені анықталды.

Сотта есепші өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келді.

Сот үкімімен О.Р.  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. ҚК-тің 63 бабының 3 бөлігінің талабына сай 3 жыл мерзімге шартты түрде сынақ жазасы белгіленіп, 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте есепші қызметімен айыналысу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі