Атырауда жалған құжатты жүргізуші сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының үкімімен Е.М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 385-бабаның 3-бөлігімен (көрінеу жалған құжатты пайдалану) кінәлі деп танылды.

Сотта анықталғандай, Е.М. 2015 жылдың жаз айында өзіне таныс емес адамнан 40 000 теңгеге сериясы ЕК №005749 санды жүргізуші куәлігін сатып алған. Жүргізуші куәліктің жалған екендігін біле тұра, оны автокөлік жүргізу кезінде пайдаланған.

Сотта Е.М. кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп, жеңіл жаза беруді сұрады.

Сот сотталушының жауабына, дәлелдемелерге баға беріп, Е.М.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оның өкінуін, бұрын сотталмағандығын ескеріп, оған 56 725 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі