Аудандық соттың судьясы оқушыларды сот тынысымен таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Атырау облысының Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ерғазиева  «Құқықтық сауатты арттыру айлығы» атауымен ақпараттық-насихаттық шараларын жүргізу мақсатында Махамбет ауылындағы Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында жоғарғы сынып оқушылары арасында сот тынысымен таныстыру бағытында кездесу өткізді.
 
Атап айтқанда, кездесу барысында Махамбет аудандық сотының қысқаша тарихы, соттың іс жүргізуінде қаралатын істерге, сот саласындағы енгізілген жаңашылдықтарға тоқталып түсінік беріп, сонымен қатар, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы өзекті ой-тұжырымдарға тоқталып өтті. 
 
Кездесу соңында аудандық соттың судьясы А.Ергазиева оқушылардың сот саласына қатысты қойған сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі