Дүкен сатушысына айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Н.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Н.А. 2017 жылдың наурыз айында Қиғаш селосында орналасқан «Мадина» дүкенінің дүкеншісі болып, 21 жасқа толмаған К.Д.-ға 2 бөтелке сыра сатып, Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін тарату туралы заңының талаптарын бұзғаны үшін оған қатысты ӘҚБтК-нің 200 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот отырысында Н.А. өзінің кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамадағы мән-жайды қуаттап, өзінің жасынан ересек көрінетін болғандықтан жеке куәлігін сұрамай бұрыннан таныс емес К.Д.-ға 2 бөтелке сыра сатқанын, қазіргі уақытта іс-әрекетіне өкінетінін айтып, жеңіл жаза тағайындауын сұрады.

Сот, құықбұзушының түсінігін тыңдап, іс материалдарын толықтай зерделеп, құқықбұзушы Н.А.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде 22 296 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі