Экономикалық сот төрағасы Р.Жансықбаев – «"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды бағыты болды»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты жастарға Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңыздылығын түсіндіру.

Кездесу барысында сот төрағасы Р.Жансықбаев Елбасы мақаласында айтылған бағыттарды орындау мақсатында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім салтанаты, эфолюциялық даму мен сана ашықтығы секілді мәселелерімен қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды бағыты болды деді.

Сондай-ақ кездесуде судья С.Хасан мен судья Н.Абдолов болашақ студенттерге судьялық қызметтің қыр - сырын, кеңсенің жұмысын, сот жүйесіндегі республикалық өзгерістерді, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамалардың қолданылу аясы туралы айтып, енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы ой толғатты.

Шара соңында судьялар студенттерді ұсынылған жаңа стандарттар бойынша жақсы білім алып, шет тілдерін үйренуге шақырды.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі