Экономикалық соттың сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Спецавтобаза» ЖШС-гі Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке кәсіпкер Ж.А.Карабаевадан өз пайдасына 86 659 теңге берешек сомасын өндіру туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен жүгінді.

Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызымен, даусыз талаптар бойынша судья шығарады.

Сот бұйрығын шығару тәртібінің артықшылықтары – оның сотпен қысқа мерзімде, яғни сотқа арыз түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде,  борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз шығарылуы. Сонымен қатар, сот бұйрығын шығару үшін төленуге тиіс мемлекеттік баж сомасы осы берешекті талап қою тәртібімен өндіріп алу үшін төленуге тиіс мемлекеттік баж сомасынан екі есе аз.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 135-бабының 2-тармағына сәйкес,  орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген кінә қоюға жауапта мойындаған жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы.

Өндіріп алушының талабы қатты қалдықтарды шығару жария шартымен қуатталған. Шарт бойынша төлемақы мерзімі келіп, борышкер 86 659 теңге берешегі қалыптасқан. 

2017 жылғы 06 наурызда сот жеке кәсіпкер Ж.А.Карабаевадан өндіріп алушы «Спецавтобаза» ЖШС-нің пайдасына 86 659 теңге берешек сомасын өндіру туралы сот бұйрығын шығарды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ және егер борышкерден сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

Сот бұйрығы күшіне енгеннен кейін атқару құжаты болып есептеледі.

«Белес Маркет» ЖШС-гі Атырау  облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «BioFoodTradeWest» ЖШС-нен өз пайдасына 445 000 теңге берешек сомасын өндіру туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен жүгінді. Арыз беру негізі ретінде борышкердің тараптар арасында 2016 жылғы 25 ақпанда жасалған №2 жалға алу шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамай, жалға алу ақысын төлемегендігін көрсетті.

Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызымен, даусыз талаптар бойынша судья шығарады.

Сот бұйрығын шығару тәртібінің артықшылықтары – оның сотпен қысқа мерзімде, яғни сотқа арыз түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде,  борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз шығарылуы. Сонымен қатар, сот бұйрығын шығару үшін төленуге тиіс мемлекеттік баж сомасы осы берешекті талап қою тәртібімен өндіріп алу үшін төленуге тиіс мемлекеттік баж сомасынан екі есе аз.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 135-бабының 2-тармағына сәйкес, орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген кінә қоюға жауапта мойындаған жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы.

Өндіріп алушының талабы жазбаша мәмілеге, атап көрсеткенде тараптар арасында 2016 жылғы 25 ақпанда жасалған №2 жалға алу туралы шартқа негізделген. Шарт бойынша төлеу мерзімі келді, алайда борышкер өндіріп алушыға 445 000 теңге жалға алу ақысын төлеген жоқ.

2017 жылғы 20 сәуірде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты борышкерден өндіріп алушының пайдасына 445 000 теңге берешек, 18 433 теңге төленген мемлекеттік баж ақысын өндіру туралы сот бұйрығын шығарды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ және егер борышкерден сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

Сот бұйрығы күшін еенгеннен кейін атқару құжаты болып есептеледі.

Источник: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі