Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот кабинеті» сервисі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беруге бірыңғай терезе.

«Сот кабинеті» сервисін қолданушылардың санын ұлғайту мен халыққа сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығында Атырау қалалық сотының аға сот приставы У.Байдаулетов пен жетекші маман А.Кенжеғұлова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтар ХҚКО-ға келген кезде электрондық цифрлық қолтаңба  (ЭЦҚ) алып, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы соттарға талап арызды (өтінішті), апелляциялық, кассациялық шағымдар мен өтініштерді дербес  бере алады.

Источник: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі