Қадірменді оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де Заң алдында тең» деп әрқашан айтып келеді.

Еліміздің өркендеуімен бірге, экономикасы да ілгерілеу үстінде. Сондықтан бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негіз бар.

Тағы да бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, шаңырағыңызға шаттық пен береке тілеймін!

Құрметпен,

Атырау облыстық сотының төрағасы   Марғұлан Бектұрғанов