Көршісімен ұрысқаны үшін 5 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Б.Қ.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Б.Қ. 2016 жылдың қыркүйек айында арақ ішкен мас күйінде өзінің Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында іргелес тұратын  көршісі Б.М.-ға былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ құқық бұзушық әрекет жасаған.  

Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, Б.Қ.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып,  әкімшілік жаза ретінде оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі