Кәсіпкерге ірі көлемде айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құлсары қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес, Құлсары қаласының жеке кәсіпкері Т.-ға берілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым талаптарының орындалуына бақылау жүргізілген.    

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым бойынша жеке кәсіпкер Құлсары қаласындағы Беркад базарындағы №137 дүңгіршегінде кемшіліктер толығымен жойылмағаны анықталып, оған  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылған.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының қаулысымен  құқықбұзушы жеке кәсіпкер Т.  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ң 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мейрамхана қызметі бір айға тоқтатылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл  салынды.

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі