Қызылқоға аудандық сотымен дауларды медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу жөніндегі пилоттық жобаны халық арасында насихаттау жүргізіліп, Сағыз селолық округі тұрғындарымен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының татуластыру рәсімдерін үйлестіруші судьясы А.Сырғабаева және аудандық соттың баспасөз қызметіне жауапты бас маманы Б.Абдуалиева Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз селолық округіне барып, село тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуді Сағыз селолық округі әкімі Е.Сұлтанов ашып, әрі қарай судья А.Сырғабаева даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаның тәртібі мен талаптары және медиация тәсілін қолданудың артықшылықтарын нақтылап түсіндірді.

Шараға қатынасқан ауыл тұрғындары мен кәсіби емес медиаторлар тарапынан тиісті сауалдар қойылып, заң тұрғысынан жауап берілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі