Қызылқоға аудандық сотында алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол берген жеке кәсіпкерге әкімшілік жаза қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы К.С.- ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың қыркүйек айында дара кәсіпкер К.С. Тайсойған ауылында орналасқан «Жанарыс» дүкеніне мемлекеттік лицензиясыз алкоголь өнімдері «Мягкое светлое» сырасын саттыққа қойып, алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол берген.

Сот отырысында К.С. кінәсін толықтай мойындап, жасаған іс әрекетіне өкініш білдірді. 

Сот қаулысымен құқықбұзушы К.С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы тәркілене отырып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 53 025 теңге айыппұл жазасы қолданылып, алкоголь өнімін бөлшек сатуға мемлекеттік лицензиясыз кәсiпкерлiкпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған  кiрiсі тәркіленді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі