Қызылқоға аудандық сотында «Ана тілі – дана тіл» тақырыбында сайыс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылқоға аудандық сотының мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда және жас ұрпақты өз ана тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, тіл саясатын іске асырудағы маңызды салалардың бірі Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп өткізілген «Ана тілі – дана тіл» тақырыбындағы қазақтың ақын, жазушыларының өлеңдерін  мәнерлеп жатқа оқудан сайыс өткізілді.

Сайысқа аудандағы Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысып, қазақтың айтулы біртуар ақындары А.Құнанбаевтың, М.Өтемісұлының, М.Мақатаевтың, Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп тебіреніспен жеткізіп, өздерінің ана тілдеріне деген зор сүйіспеншіліктерімен шараға қатысушыларды таңқалдыра білді.

Сайысқа қатысушылардың өнерлерін әділ-қазылар ретінде бағалаған сот төрағасы А.Досмагамбетова, судья А.Сырғабаева және орталық кітапхананың директоры Ы.Шапихова өнерлі оқушыларға зор алғыстарын білдіріп, оларға сот төрағасының алғыс хаттарын табыстап, естелік сыйлықтар берді.

 Елбасының өзі бастап көңіл бөліп отырған мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы іс-шаралар Қызылқоға аудандық сотымен одан әрі жалғасын таба береді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі