Қызылқоға аудандық сотында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбымен оқушылар арасында суреттер сайысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында аудандағы Б.Аманшин атындағы орта мектеп оқушылары арасында суреттер сайысы өткізілді.

Сайысқа Миялы селосындағы Б.Аманшин атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушылары қатыстырылды.

Сайыс ережесіне сай қатысушы оқушылар сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз көріністерін плакаттарға шеберлікпен суреттей білді.

Қорытындысында сайыс талабына сай жеңімпаздар анықталып, өзекті тақырыпта өткізілген шараға белсенділік танытып қатысқандары үшін зор алғыс білдірілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі