Қызылқоға аудандық сотының судьялары құқықтық сауаттылық айлығында білім ордасына барып оқушылармен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқықтық сауаттылық айлығына Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының ұжымы да өз үлестерін қосып, аудандағы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепке ат басын бұрды.

Кездесуге Қызылқоға аудандық сотының төрағасы А.Досмагамбетова,  судья А.Сырғабаева барып, ауданға қарасты Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі, Б.Аманшин қазақ орта мектебі және № 1 негізгі мектептің мектеп бітіруші түлектерімен кездесіп, дәріс оқыды.

Кездесу барысында судьялар қатысушы түлектерге  сот жүйесінде орын алған жаңалықтар мен жетістіктерді, соттарда қолданылып жатқан жаңа технологияларды, заңдардағы өзгерістер туралы кеңінен әңгімеледі.

Сондай-ақ дәрісте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»тақырыбындағы мақаласындағы жастарға қатысты айтылған өзекті ой-тұжырымдарын және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының сот жүйесіне берілген тапсырмаларының іске асырылуы туралыайтып жеткізді.

Оқылған дәрістерден соң мектеп бітірушілер көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, толық жауап алды. Шара соңында тыңдаушыларға Қазақстандағы сот жүйесіндегі өзгерістер, жаңа технологиялардың қалай енгізіліп жатқаны жөніндегі бейнероликтер көрсетілді.

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Аймұратова аудандық соттың судьяларына мектеп ұжымдары атынан зор алғысын білдіріп, осындай шаралардың өткізілуінің оқушылар үшін маңызы зор екенін айтты.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі