Масаң күйдегі жүргізуші электр бағанасына соқтығысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен Т.Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Құқықбұзушы Т.Б. меншігіндегі «Ваз 21061» маркалы автокөлігін басқара отыра, Таңдай ауылындағы кіре беріс жол бойында, автокөлікті жүргізуші куәлігі жоқ күйде, алкогольдік ішімдігін ішіп басқарып, басқару жүйесін игере алмай, жолдың сол жақ бетіндегі электр бағанасына соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Яғни ол жол жүрісі қағидаларын бұзып, ішкі істер органдарына хабарламастан, жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.   

Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, Т.Б.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айырды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар