Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық іс медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

М.С. мен «Жалақыға дейін ақша» ЖШС-мен несие келісімшарты жасалып, оның шарттары бойынша М.С.-ға бір ай мерзімге 100 000 теңге несие берілген. Алайда, М.С. несие сомасын қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

Осыған байланысты, «Жалақыға дейін ақша» ЖШС-нің директоры 306 500 теңгені өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Талап қою арызы сот өндіріне қабылданып, іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарауға ұйғарылып, ол туралы тараптарға хабарланады, жауапкерге өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап арызға пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіленеді.

Сол мерзім ішінде тараптардан татуласу келісімін бекіту туралы өтініш түсіп, олар медиациялық келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Атырау облысының Исатай аудандық сотының ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Істі тоқтатудың салдары тараптарға түсіндірілді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі