Сот кабинеті» электронды сервисін насихаттау және түсіндіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында «Сот кабинеті» электронды сервисін насихаттау және түсіндіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараға мемлекеттік емес мекеме ұйым өкілдері, яғни Махамбет   ауылдық округ әкімдігінің заңгері, «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің   басшысының міндетін атқарушысы, «Еуразиялық   банк» АҚ филиалының заң бөлімінің бас маманы, Махамбет аудандық «Қазақтелеком» АҚ-ның директоры, Махамбет аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы қатысты.

Жиында аудандық соттың кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушысы Г.Сағынова «Сот кабинеті» сервисі - халықтың сот жүйесіне деген қолжетімділікті кеңейтіп және ашықтыққа қол жеткізуді арттыру  мақсатында енгізілген жаңашылдықтардың бірі және ол сот органдары қызметіне бір терезе жүйесімен қол жеткізудің онлайн түрі екендігін айтты. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» жүйесін пайдалану нұсқаулығын жан-жақты  түсіндіріп, көпшіліктің  сауалдарына жауап берді. 

Шара соңында қатысушылар аталған сервистің тиімділігін, артықшылығын талқылады.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі