«Сот кабинеті»- қазіргі заманға сай электрондық жүйе

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысы Индер аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңының қолданылуы», «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы Д.Тұхфатова, судья А.Куспанов, кеңсе мамандары, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңының қолданылуы» және  «Сот кабинеті» сервисі бойынша өз пікірлерін айтып,  оның  сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе екені және сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғаны туралы пікір алмасты.

Кеңсе мамандары «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерін,  сервис арқылы талап  арыздарды беру, хаттамаға электронды ескертулер беру, электронды өтініш беру, сот отырысының хаттамасымен танысуға өтініш  беру сынды сот жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін түсіндіріп, бейненұсқаулықты  көрсетті.                                   

Источник: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі