«Сот кабинеті» – сот жүйесіне қолжетімділікті арттыруға бағытталған тың жоба

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен сот төрелігін атқаруды оңтайландыру мақсатында талап арыздарды халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы ұтымды әрі оңтайлы жолдау туралы тапсырма берілген.

Сот кабинеті арқылы талап арыздарды ұсыну жүйесін насихаттау және дамыту Жылыой аудандық сотында да  іске асырылуда.

Осы орайда аудандық соттың қызметкері А.Досжанова «Сот кабинеті» сервисінің жаңашылықтарын түсіндіру мақсатында Құлсары қаласындағы  ХҚКО–на келуші тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Тұрғындарға «Сот кабинеті» электрондық  ақпараттық  сервисі  арқылы  талап  арыздардың жөнелтілуі, істердің қаралу тәртібімен таныса алатындығы және қажетті сот құжаттарын басып шығарып алу мүмкіндіктерін көрсетті.

Сонымен қатар  «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі  бойынша ХҚКО-на келуші тұрғындардың қойған сұрақтарына қатысты жауаптар берілді.  

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі