Сот тараптардың келісімге келуіне көмектесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Газсантехмонтаж» өндірістік кооперативінің «ADEK group» ЖШС-нен 1 180 000 теңге берешегін өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс» қаралды.

Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарға істі татуласу рәсімдерін қолдану арқылы аяқтауды ұсынды, татауласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, олардың құқықтық салдарын, артықшылықтарын түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы екіжақты өтінішхатпен жүгініп, медиатор ретінде іс жүргізуінде іс жатқан судьяны таңдады.

Медиация жүргізілгеннен кейін тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.

Сот ұғарымымен тараптар жасасқан медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Осы тараптар арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

Талап қоюшыға мемлекеттік бюджеттен 35 400 теңге төленген мемлекеттік баж сомасы толық көлемде қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар