«Сот жүйесіндегі сот приставының рөлі» тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот  приставы сот жүйесінде маңызды рөль атқарады, оның ішінде iс жүргiзуде сотқа жәрдемдесу, сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету, сот залында қоғамдық тәртіпті сақтау болып табылады.

Осы орайда, Индер аудандық сотында  «Сот приставтары туралы» Заңды түсіндіру тақырыбында семинар өтті.

Шараға  кеңсе меңгерушісі мен кеңсе мамандары қатысты.

Аға сот приставы Г.Егизбаева өз сөзінде сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде сот жүйесінің барлық қызметкерлерінің сауатты жұмыс жасауынсыз мүмкін еместігін, сонымен бірге сот приставтары өздеріне жүктелген міндеттерін орындау кезінде, оларға қойылған талаптардың маңыздылығын, сот жүйесін жетілдіруде, соттарға сот жұмысының нәтижелі жүргізуіне жәрдемдесу, азаматтардың сотқа деген сенімін және сот абыройын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға жауапты екендігін және сот билігінің беделін жоғарлату үшін сот төрелігін ең лайықты кәсіби мамандар атқаруға тиісті және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты міндет екендігін атап өтті.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі