Сотпен Пилоттық жоба тұрғындарға насихатталуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотының судьясы А.Куспанов «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалының мәжіліс залында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Судья А.Куспанов өз сөзінде қатысушыларға медиация заңын түсіндіріп, пилоттық жобаның міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатындығын атап өтті.

Шара соңында қатысушылармен аталған жоба бойынша сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.

Источник: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі