Студенттерге Ұлт Жоспары аясында сот жүйесінің реформалары айтылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Атырау облысының Мақат аудандық сотының судьялары Г.Чингисов пен Б.Измагамбетова Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде дәріс оқу барысында оқытушылық құрам мен  студенттерге Ұлт Жоспары аясында сот жүйесінің реформаланғанын мәлімдеді.

Судьялар қатысушылардың назарына Азаматтық процестік кодекс пен Қылмыстық процестік кодекстің жаңа ережелеріне аударып, үш сатылы сот жүйесіне көшкендігін айтып, іс жүргізу рәсімдерінің оңтайландырылғанын, соттарда медиация тәсілдерінің қолданылуы жайында айтты. 

Судьялыққа кандидаттарды іріктеудің жаңа жүйесіне, қызмет етіп жатқан судьяларға қойылатын талаптың күшейтілгендігіне, сот төрелігі академиясының құрылуы, жаңадан қабылданған Судьялардың әдеп кодексіне, алқабилер сотының қолданылу аясын кеңейтуге, сотта айыптаушы мен қорғаушының арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге, азаматтық-құқықтық даулар бойынша соттарда прокурордың қатысуын қысқартуға, сонымен қатар инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізуді құру жайында толық тоқталып өтті.

Тыңдаушыларға сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар жайында, сот отырыстарында аудио-бейнежазба құралдарының қолданылатынын, барлық сот отырысы залдарының аудио-бейнежазба құралдарымен қамтылғандығын хабарлады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану сот ісін жеңілдетуге, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бергендігін, азаматтар мен заңды тұлғалардың сот жүйесіне қол жетімділігінің артуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Судьялар дәріс тыңдаушылар арасында қызығушылық туғызып, студенттер мен оқытушылардың көптеген сұрақтарына толыққанды кешенді жауаптар берді.

Қайнар: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі