Тараптар дауды партисипативтік тәртіпте шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында талап қоюшы «Жалақыға дейін ақша» ЖШС-нің жауапкер Г.-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2017 жылдың 20 қаңтарында тараптар арасында заем шарты жасақталып, заем шарты бойынша ЖШС-гі жауапкерге күніне 1,7% сыйақы төлеу шартымен 2017 жылғы 20 ақпанға дейін 50 000 теңге заем берген, қарыз алушы қарызды уақытында қайтармаған жағдайда қарыз берушіге 1% тұрақсыздық айып сомасын және 60 күнтізбелік күннен кешіктірген болса 10 000 теңге айыппұл сомасын төлеуге міндеттенген. Жауапкер өз міндеттерін орындамауына байланысты 188 950 теңге өндіруді сұраған.

Тараптар адвокаттардың көмегімен партисипативтік келісім жасап, оның шарты бойынша Г. 188 950 теңге қарызды 2017 жылдың 31 мамырына дейін толығымен қайтаруға міндеттенді, ал талап қоюшы талабынан бас тартты.

Сот тараптарды шақырмай келісімді бекітті, іс тоқтатылды.

Сот талап қоюшыға 5 688 теңге мемлекеттік баж сомасын қайтарды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі