Татуласудың тараптар үшін пайдасы мол

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  талап  қоюшы  «Авторлар әндерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлекстігінің жауапкер Нұрай Сұлу Ғайнатдинқызы  жеке  кәсіпкерінен  62 822  теңге  негізгі  борыш, 41 470  теңге  өсім, 2 767 401  теңге  айыпақы  өндірутуралы талап арызы бойынша азаматтық  ісі  қаралған.

Іс қаралу барысында тараптар істі медиация тәртібімен келісімге  келіп, оны  бекітуді  сұрады.

Тараптардың медиациятәртібімен келісімге келуінің нәтижесінде  жауапкер Нұрай Сұлу Ғайнатдинқызы жеке кәсіпкері шарт бойынша  міндеттемелерін орындамағаны  үшін  негізгі қарыздың  сомасы  62 822  теңге, өсімнің жалпы сомасының 10 пайызы - 4 147 теңге, есеп  тапсырмағаны  үшін  айыпақы  сомасының 1пайызы  27 674  теңге,  барлығы  94 643 теңгені 2017 жылғы  05  тамызға  дейін төлеуге  міндеттенді.

Сөйтіп, медиация  тәртібімен  келісімге келудің  нәтижесінде жауапкер  талап қоюшыға  2 777 050  теңге  борышты   төлеуден  босатылды.

Келісімді  бекіту  туралы  ұйғарым  заңды  күшіне  енген  жоқ.

Источник: 
Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі