Т.Уәлиева - «Қазақстан – 2050» стратегиясының мақсатына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес арқылы ғана жетуге болады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының ғимаратында Атырау қалалық сотының және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары мен сот қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық және басқа құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша Комиссиясының төрайымы Т.Уалиеваның төрағалық етуінде, Атырау облыстық соттар әкімшісінің ІҚжССЖАБ басшысы С.Бисеновтың қатысуымен түсініктеме жұмысы өткізілді.

Төрағалық етуші судья Т.Уалиева, «Қазақстан – 2050» стратегиясының мақсатына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес арқылы ғана жетуге болады. Елбасы айтқандай: «Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам бір майданмен қарсы шығуы қажет. Жемқорлық – бұл тек құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді жоғалтады, және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп болып табылады».

Семинар өту бағытында сотар ғимараты ішінде рұқсатнамалық объектішілік тәртіптеме күшейту, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында құқық қорғау және арнайы органдармен ақпарат алмасу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметкерлердің әде нормаларын ұстану туралы мәсеселер қозғалды.

Атырау облыстық соттар әкімшісінің бөлім басшысы С.Бисенов қызметтік автокөліктерін үнемі тек қызметтік бабында пайдалану, жылдамдыққа, шығу уақытқа және тағы басқа салынған тиыйымдарды сақтау және материалдық-жауапты тұлғаның жауапкершілігі туралы баяндады.

Семинар соңында, төрағалық етуші, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін азаматтардың жемқорлыққа қарсы мәдениеті, иммунитеті қажеттілігінін қорытындап айтып өтті. Қазақстанның әрбір азаматы және отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – барлық қоғамның және кез-келген азаматтың міндеті екенін түсіну қажет!

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі